Accessibility links

Үкімет үш жылдық бюджетті қайта есептейді


Каспий теңізіндегі D жасанды аралында салынған мұнай өндірісі инфрақұрылымы. (Көрнекі сурет)
Каспий теңізіндегі D жасанды аралында салынған мұнай өндірісі инфрақұрылымы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мұнай бағасының құлдырауына байланысты республикалық бюджеттің негізгі өлшемдерін үкімет қайта қарайтынын мәлімдеді деп хабарлайды жергілікті баспасөз құралдары. Бұл туралы министр жұма күні парламенттегі «Нұр Отан» партиясының жабық жиынында айтқан.

2015-2017 жылдарға арналған бюджетті қайта есептегенде Brent маркалы мұнай баррелінің әлемдік бағасы 50 АҚШ доллары болады деген болжам негізге алынады деп хабарланды. Бұған дейін бюджет мұнай баррелінің бағасы 80 доллар болады деген есеппен жасалған еді.

Биыл бюджеттің кіріс бөлімі 1 триллион 300 миллиард теңгеге азаймақ. 2016 жылы 1 триллион 20 миллиард, ал 2017 жылы – 1 триллион 161 миллиард теңгеге кемиді деген болжам айтылып отыр.

Қаңтардың 16-сы күні биржада Brent маркалы мұнайдың баррелі 49,61 доллардан сатылды. WTI маркалы жеңіл мұнай баррелінің бағасы 48,12 долларды құрады.

XS
SM
MD
LG