Accessibility links

Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Ресейдің рейтингін төмендетіп, оны әлі де төмендейтіндер санатына қосты. Ресей мемлекеттік облигацияларының рейтингі «Ваа2»-ден «Ваа3»-ке дейін төмендеген.

Moody's сарапшылары бұндай шешімді мұнай бағасы мен рубль бағамы құлдыраған кезеңдегі Ресей экономикасының даму болашағының нашарлауымен байланыстырады. Олардың болжамы бойынша, Ресейдің жалпы ішкі өнімі 2015 жылы 5,5 пайызға қысқарып, 2016 жылы – тағы үш пайызға кемиді.

Бұған дейін Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Ресейдің ірі үш қаржы ұйымы – Сбербанк, Россельхозбанк және Газпромбанкті, сонымен бірге «Внешэкономбанк» мемлекеттік корпорациясы мен 30 ресейлік қаржы институттары мен олардың еншілес кәсіпорындарының рейтингтерін төмендеткен еді.

XS
SM
MD
LG