Accessibility links

Атырауда жол-көлік апатынан алты адам мерт болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Атырау облысында жол-көлік апатынан алты адам қаза тауып, екі адам зардап шеккен деп хабарлады жергілікті «Ақ жайық» газеті.

Төтенше оқиға сенбі күні жергілікті уақытпен кешкі сағат алты жарым кезінде Құлсарыдан Атырауға баратын тас жолдың 42-шақырымында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жол үстінде бетпе-бет келіп қалған шағын автобус пен «Камаз» жүк көлігі соқтығысқан. Автобуста отырған жеті адамның алтауы – үш ер және үш әйел адам сол жерде қаза тауып, 36 жастағы тағы бір әйел және жүк көлігінің жүргізушісі Құлсары аудандық ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылған.

XS
SM
MD
LG