Accessibility links

Грекияда экстремизм күдігімен бірнеше адам ұсталды


Грекия полицейлері. (Көрнекі сурет)

Грекия полицейлері. (Көрнекі сурет)

Грекия полициясы Бельгия аумағындағы астыртын экстремистік іс-әрекеттерге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен бірнеше адамды ұстаған. Полицияның болжамы бойынша, ұсталғандардың бірі Бельгияның Вервье қаласындағы экстремистік топпен байланыста болуы ықтимал. Вервьеде бейсенбі күні полициямен атыста екі күдікті қаза тапқан еді.

Парижде қаңтардың 7-сінен бері қарулы адамдардың шабуылдары мен оларды ұстау операциялары кезінде барлығы 17 адам мерт болған. Содан бастап Еуропа елдерінде сақтық шаралары күшейтілді. Франция, Бельгия және Германияда тергеу амалдары барысында жиырмадан аса адам ұсталған.

Сенбі күні Бельгияда террористердің назарына ілінуі ықтимал нысандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әскери қызметкерлер жұмылдырылған.

XS
SM
MD
LG