Accessibility links

Арменияда ресейлік сарбазды қорғаудан адвокаты бас тартты


Аветисян әулетінің алты адамын өлтірді деген айып тағылған Ресей сарбазы Валерий Пермяков.

Аветисян әулетінің алты адамын өлтірді деген айып тағылған Ресей сарбазы Валерий Пермяков.

Арменияның Гюмри қаласында бір үйдің алты адамын өлтіру қылмысына байланысты қоғамда наразылық өршіп тұрған кезде, осы қылмысқа негізгі күдікті саналатын ресейлік сарбаздың адвокаты оны қорғаудан бас тартқан. Адвокат Тамара Айлоян күдіктінің қылмысты мойындап берген жауаптарын естіген соң, кәсіби қызметін атқарудан бас тартатынын мәлімдеген.

Бұған дейін Арменияда орналасқан ресейлік әскери гарнизон сарбазы Валерий Пермяков алты адам өліп, алты айлық нәресте ауыр жараланған қылмысты өз мойнына алғаны хабарланған еді.

Пермяковтан жауап алуға қатысқан адвокаттың айтуынша, күдікті психикалық ауруға шалдыққан адамға ұқсамайды.

Бір отбасы мүшелері түгелге жуық қаза тапқан ауыр қылмыс қаңтардың 12-і күні, Пермяков қаруымен әскери бөлімнен қашып кеткен соң жасалған. Қылмыс оқиғасынан кейін бой тасаламақ болған Пермяков ұсталып, әскери бөлімге жеткізілген. Қаңтардың 14-і күні оған Армения және Ресейдің қылмыстық кодекстерінің баптары бойынша адам өлтіру қылмысына қатысты айып тағылған.

XS
SM
MD
LG