Accessibility links

Польша үкіметі даулы шахталарды жаппайтын болды


Шахтерлер отбасы мүшелерімен бірге ереуілде тұр. Бжеще, Польша, 14 қаңтар 2015 жыл.

Шахтерлер отбасы мүшелерімен бірге ереуілде тұр. Бжеще, Польша, 14 қаңтар 2015 жыл.

Польшада он күнге жалғасқан шахтерлер ереуілінен соң үкімет кеншілердің талабын орындауға келісті.

Әуел баста үкімет Еуропадағы ірі өндіріс орындарының бірі саналатын «Көмір кампаниясы» кәсіпорнындағы басқа он шахтаны сақтап қалу үшін шығыны көп төрт шахтаны жаппақшы болған еді. Үкімет жоспарымен келіспеген шахтерлер кәсіподағы жаппай ереуіл жариялаған, екі мыңнан аса кенші жерастында наразылық танытқан. «Шахталарды жаппау – біздің негізгі талабымыз болатын, оған қол жеткіздік» деп мәлімдеді Солидарность кәсіподағының жетекшісі Петр Дуда.

Кәсіподақпен келіссөздерден соң үкімет енді тек шахталарды қайта құрылымдау туралы айтып отыр. Бұл процесс барысында жұмыстан қысқаратын кеншілерге қосымша жеңілдіктер ұсынылады, мәселен, олар мерзімінен бұрын зейнетке шыға алады немесе 24 айлық жалақы көлемінде өтемақы төленеді.

«Бүгін біз «Көмір кампаниясындағы» қырық жеті мың кеншіге беймаза уақыт бітті деп сеніммен айта аламыз» деп мәлімдеді Польша премьер-министрі Ева Копач.

Польшаның көмір өнеркәсібіндегі қайта құрылымдауға қатысты келіссөздер наурыз айында жалғаспақ.

Биыл елде президент және парламент сайлаулары өтпекші. Премьер-министр Эва Копач басқаратын «Азаматтық платформа» партиясына сайлау науқаны кезінде кеншілер ереуілі әсте қажет емес.

XS
SM
MD
LG