Accessibility links

ИМ тұтқынынан екі жүзге жуық адам босатылды


ИМ тобынан жапа шеккен езид әйелдері. Дахук, Ирак, 16 қаңтар 2015 жыл.

ИМ тобынан жапа шеккен езид әйелдері. Дахук, Ирак, 16 қаңтар 2015 жыл.

Ирактың солтүстігінде бүгін езидтер қауымының 200-ге жуық өкілі «Ислам мемлекеті» (ИМ) радикалдық тобының тұтқынынан босатылғаны хабарланды. Олардың көпшілігі – қарт адамдар, мүгедектер мен науқасқа шалдыққан балалар екені айтылады. ВВС-дің хабарлауынша, ИМ тұтқыннан босатқан езидтерді Киркук қаласы маңында қабылдаған соң күрд билігі оларды ауруханаға жеткізген.

Езидтер өкілі, құқыққорғаушы Ходр Домлидың айтуынша, ИМ тобы оларды Мосул қаласында ұстаған. Езидтерді тұтқыннан босатуға не себеп болғаны айтылмайды.

Былтыр жазда Ирактың солтүстігіндегі езидтер тұратын елдімекендерге шабуыл жасап басып алған ИМ содырлары мыңдаған адамды қырып-жойған және құлдыққа салған еді.

Езидтер қоныстанып келген ауылдардың көпшілігі қазір ИМ тобының бақылауында. Белсенділердің деректері бойынша, қазіргі уақытта үш мыңға жуық езид әйелдері мен балалары ИМ қолында қалып отыр.

XS
SM
MD
LG