Accessibility links

Израиль ИМ-ның күдікті жеті мүшесін ұстады


Әскери танк үстінде Израиль туын көтеріп тұрған сарбаз. (Көрнекі сурет)

Әскери танк үстінде Израиль туын көтеріп тұрған сарбаз. (Көрнекі сурет)

Израиль арнайы қызметі елде тұратын, радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымына мүше деген күдікпен жеті араб азаматын тұтқындағанын хабарлады. Қаңтардың 18-інде Хайфа қаласының соты күдіктілерге "заңсыз ұйымға мүше болды" және "терроризмді және шетел агентімен байланысты қолдады" деген айып таққан.

Жеті адам былтыр қараша және желтоқсан айларында жүргізілген арнайы операция барысында ұсталған.

Арнайы қызмет мәліметі бойынша, топ мүшелері бірнеше рет өзара кездескен және олар Сириядағы "Ислам мемлекеті" ұйымымен онлайн арқылы байланыста болған.

XS
SM
MD
LG