Accessibility links

АҚШ вице-президенті ғимараты маңында атыс болды


АҚШ вице-президенті Джо Байден.
АҚШ вице-президенті Джо Байден.

АҚШ вице-президенті Джо Байденнің Делавэр штатындағы резиденциясы маңында атыс болды. АҚШ қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, қаңтардың 17-сі күні кешке резиденция алдындағы жолда келе жатқан көліктен оқ атылған. Оқиға кезінде Байден де, оның әйелі де үйде болмаған.

Арнайы қызмет агенттері полицияның көлікгін тоқтау туралы бұйрығына бағынбаған бір адамды ұстап, тергеуге алған. Бірақ CNN-ның хабарлауынша, ұсталған адамның атысқа қатысы жоқ.

Резиденцияның күзет қызметі оқ атылған көлік жолда аса қатты жылдамдықпен жүріп, жылдам жасырынып үлгерген.

XS
SM
MD
LG