Accessibility links

Бельгия Грекиядан күдіктіні беруді сұрайды


Бельгия полициясы арнайы операция кезінде. Вервье, 15 қаңтар 2015 жыл.

Бельгия полициясы арнайы операция кезінде. Вервье, 15 қаңтар 2015 жыл.

Бельгия прокуратурасы Грекияда ұсталған адамды радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымына қатысы болуы мүмкін" деген күдікпен елге алдырып тергегісі келеді.

Грекияның терроризммен күрес қызметі қаңтардың 17-сінде Афинаның бірнеше жерінде рейдтер жүргізіп, төрт адамды ұстаған. Бельгия ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұсталғандардың бірінің Бельгияның Вервье қаласында өткен аптада көзі жойылған күдікті экстремистермен байланысы болуы мүмкін.

Қаңтардың 15-інде Вервье қаласында жүргізілген контртеррористік операция барысында "Ислам мемлекеті" ұйымымен байланысы бар деген күдікті екі адамның көзі жойылған. Бельгия билігі сол операцияның арқасында құқық қорғау органдарына қарсы жоспарланған шабуылдардың алды алынғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG