Accessibility links

Дрезденде исламға қарсы маршқа тыйым салынды


Pegida ұйымының исламға қарсы маршы. Дрезден, 12 қаңтар 2015 жыл.
Pegida ұйымының исламға қарсы маршы. Дрезден, 12 қаңтар 2015 жыл.

Германия полициясы Еуропаның исламдануына қарсы Pegida және басқа да ұйымдардың қаңтардың 19-ында елдің шығысындағы Дрезден қаласында өткізуді жоспарлаған исламға қарсы маршына рұқсат бермеді.

Дрезден полициясы қаңтардың 18-інде федералдық биліктен "Батыстың исламдануына қарсы патриот еуропалықтар" (немесе Pegida) ұйымына қауіп төніп тұрғаны жайлы ескерту алғанын хабарлаған. Полиция марш кезінде Pegida өкілдеріне қастандық жасауға шақырған үндеулер түсе бастағанын айтқан.

Германиялық Bild басылымының жазуынша, Pegida ұйымының басшысы Лутц Бацманға қастандық жасалуы мүмкін.

Pegida былтыр қазан айынан бері Дрезденде апта сайын марш өткізіп келеді.

Pegida-ның қаңтардың 12-сінде соңғы ұйымдастырған шеруіне шамамен 25 мыңдай адам қатысқан.

XS
SM
MD
LG