Accessibility links

Қазақстанға БҰҰ-ның бейбіт жиын жөніндегі өкілі келді


БҰҰ-ның азаматтардың бейбіт жиындар өткізу және жиналу құқығы мәселелері бойынша арнайы өкілі Майна Киаи.

БҰҰ-ның азаматтардың бейбіт жиындар өткізу және жиналу құқығы мәселелері бойынша арнайы өкілі Майна Киаи.

БҰҰ-ның азаматтардың бейбіт жиындар өткізу және жиналу құқығы мәселелері бойынша арнайы өкілі Майна Киаидің Қазақстанға ресми сапары басталды. БҰҰ өкілі Қазақстанда қаңтардың 19-ы мен 27-сі аралығында болады.

Майна Киаи бүгін Алматыда БҰҰ өкілдігінде жиын өткізеді.

БҰҰ ресми сайтының хабарлауынша, Киаи Қазақстанда бейбіт жиындар өткізу құқығы мен оған қойылатын талаптардың орындалу жайымен таныспақ. БҰҰ өкілі бұған қоса Қазақстанда қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақтар мен саяси партиялардың, діни ұйымдардың тіркелу мәселесін де қарастыруды жоспарлап отыр.

БҰҰ өкілі Алматыдан өзге Астана, Ақтау және Жаңаөзенге барып, мемлекеттік және сот орындары, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездеседі.

Майна Киаи сапар барысында бейбіт жиын өткізу және жиналу құқығы бойынша түйгендері мен ұсыныстарын Астанада қаңтардың 27-сінде өтетін баспасөз жиынында жарияламақ. Бұл сапар есебі биыл маусымда БҰҰ-ның адам құқығы кеңесі сессиясында ұсынылады.

XS
SM
MD
LG