Accessibility links

Алматыда Гүлжан Ерғалиева аштық жариялады


ADAM bol журналының редакторы Гүлжан Ерғалиева "президентпен серуен" акциясын өткізіп тұр. Алматы, 12 қаңтар 2015 жыл.

ADAM bol журналының редакторы Гүлжан Ерғалиева "президентпен серуен" акциясын өткізіп тұр. Алматы, 12 қаңтар 2015 жыл.

Қазақстанда сот шешімімен жабылған оппозициялық ADAM bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева бүгін Алматыда аштық жариялады.

ADAM bol журналисі Мирас Нұрмұханбетовтің айтуынша, Ерғалиева басылымның жабылуына наразылық акциясын журнал редакциясында өткізіп жатыр.

Әріптестері жақын арада Ерғалиева бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты талабын білдірген мәлімдемесін жариялайды деп хабарлады.

Алматы соты былтыр желтоқсанның 24-і күні қала билігінің шағымы бойынша ADAM bol журналын жабу туралы шешім шығарған. Шағым берген қалалық ішкі саясат басқармасы журналда жарияланған мақалада "соғысты насихаттау белгілері бар" деген. Ондай айыптаумен келіспейтін журнал өкілдері басылымды жабудың саяси астары бар деп санайды.

XS
SM
MD
LG