Accessibility links

Australian Open: Дияс пен Шведова екінші айналымда


Қазақстан теннисшісі Ярослава Шведова.
Қазақстан теннисшісі Ярослава Шведова.

Әлемдік рейтингте 31-орында тұрған Зарина Дияс Австралия ашық чемпионатының бірінші айналымында польшалық Урсула Радвансканы (әлемдік рейтингте 149-орында) жеңді - 3:6, 6:4, 6:2.

Зарина Дияс енді екінші айналымда әлемнің 72-ракеткасы словак Анна Каролина Шмедловамен ойнайды. Қос теннисші бұған дейін кездеспеген.

Ал әлемдік рейтингте 63-орында тұрған қазақстандық Ярослава Шведова алғашқы айналымда әлемнің 16-ракеткасы чех Люси Шафаржованы ұтты (6:4, 2:6, 8:6). Ол енді рейтингте өзінен үш саты жоғары тұрған Моника Пуигпен (Пуэрто-Рико) кездеседі. Шведова бұл қарсыласын осыған дейін бір рет жеңген.

Биылғы жарысқа қазақстандық Юлия Путинцева, ерлер арасында Михаил Кукушкин пен Андрей Голубев те қатысады.

2014 жылы Дияс Австралия ашық чемпионатының үшінші кезеңіне дейін жетсе, Шведова, Путинцева, Голубев пен Кукушин бірінші айналымда жеңілген.

Австралия ашық чемпионаты - Grand Slam санатына кіретін әлемдегі төрт турнирдің бірі.

XS
SM
MD
LG