Accessibility links

Астанада экс-шенеунік Тұматаевтың соты өтіп жатыр


Есіл аудандық соты ғимараты. Астана, 19 қаңтар 2015 жыл.
Есіл аудандық соты ғимараты. Астана, 19 қаңтар 2015 жыл.

19 қаңтарда Астанадағы Есіл аудандық сотында спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған Азамат Тұматаевқа қатысты сот отырысы жалғасты.

Тергеушілер 45 жастағы Тұматаевты «1 миллион теңге пара алып, Олимпиада қалашығындағы құрылысқа рұқсатнама берген» деп айыптайды.

Азамат Тұматаевқа «пара бермек болған» деп айыпталған адамның - «ДАН-строй» компаниясының директоры, 67 жастағы Орал Ибадильдинаның үстінен де қылмыстық іс қозғалған.

Бүгінгі сот отырысында Азамат Тұматаев пен Орал Ибадильдинаның қорғаушылары қылмыстық істі қайта тергеуге жіберуге өтініш білдірді. Олардың пікірінше, тергеушілер айыпталушы Орал Ибадильдиннің психикалық денсаулығын, жүйкесін емдетіп жүрген ескерместен тергеуге алған. Қорғаушылардың бұл шағымына қатысты шешімін сот 20 қаңтар күні жарияламайды.

Сот отырысында айыпталушылардың қорғаушылары тілшілердің фотоға, видеоға түсірмеуін өтінді, Есіл аудандық сотының судьясы Әмірғалиев бұл өтінішті қанғаттандырмады.

Азамат Тұматаевтың ісіне қатысты сот 14 қаңтарда басталған.

XS
SM
MD
LG