Accessibility links

Путин: Гюмридегі оқиғаға кінәлі жазасын алады


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин Армения президенті Серж Саргсянмен телефон байланысы кезінде "Гюмриде бір отбасының алты адамын өлтірген адам тиісті жазасын алады" деп мәлімдеді.

Путин қаза тапқан отбасының туысқандарына көңіл айтып, Ресей дәрігерлері оқиға кезінде аман қалған алты айлық балаға көмек беретінін де айтты.

12 қаңтарда Гюмриде бір отбасының алты адамы өлтіріліп, алты айлық бала ауруханаға түскен. Кейін бұл оқиғаға қатысты ресейлік солдат Валерий Пермяков тұтқындалған.

Осы оқиғаға байланысты Арменияның астанасы Ереванда және бірнеше қаласында ереуіл өткен. Ереуіл кезінде жұрт Ресей туын өртемек болған.

XS
SM
MD
LG