Accessibility links

ХВҚ: Әлемдік экономикада өсім баяулайды


Халықаралық валюта қорының бұған дейінгі әлемдік экономиканың дамуына жасаған болжамы. (Көрнекі сурет)

Халықаралық валюта қорының бұған дейінгі әлемдік экономиканың дамуына жасаған болжамы. (Көрнекі сурет)

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) әлемдік экономиканың 2015 жылғы өсіміне жасаған болжамындағы көрсеткіштерді қайта қарап, мемлекеттер мен олардың орталық банктерін экономикалық өсімге ықпал ететін реформалар жасауға шақырды.

Қаңтардың 20-сында жарияланған "Дүниежүзілік экономика келешегі" деп аталатын есебінде ХВҚ 2015-2016 жылдарға арналған әлемдік экономикалық өсім болжамын 0,3 пайызға төмендетіп, 2015 жылы өсім - 3,5 пайыз, 2016 жылы - 3,7 пайызды құрайды деген.

ХВҚ өз болжамында дамушы елдер экономикасының өсімі баяулап, Нигерия, Ресей және Сауд Арабиясы сияқты мұнай экспортына тәуелді елдерде жағдай нашарлауы ықтимал дейді.

Ал экономикасы ең үлкен АҚШ-та биыл өсім 3,1 пайыздан 3,6 пайызға артады деген болжам жасалған.

XS
SM
MD
LG