Accessibility links

"Рысқалиев тобына" апелляциялық сот ақпанда өтпек


"Бергей Рысқалиев тобының" ісі бойынша сот отырысы. Атырау, 14 қараша 2014 жыл.
"Бергей Рысқалиев тобының" ісі бойынша сот отырысы. Атырау, 14 қараша 2014 жыл.

Атырау облысының бұрынғы әкімі "Бергей Рысқалиев тобының" ісі бойынша шыққан үкімге апелляциялық шағым ақпанның 2-сінде қаралады деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

Үкімге апелляциялық шағым берген прокуратура сот айыптау деректері бойынша Бергей Рысқалиев құрды делінген топ құрамында әрекет еткен кейбір сотталушылардың ісіне қатысты тиісті бағасын бермейді дейді.

"Рысқалиев тобына" қатысты үкім былтыр қарашаның 14-інде шыққан. Сотқа тартылған 22 адамның ісі бір жылға жуық уақыт қаралды. Сот үкімімен 15 адам, оның ішінде Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарлары, Атырау қаласының бұрынғы әкімі әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

XS
SM
MD
LG