Accessibility links

"Республика": Роскомнадзор ескерту жасады


Ол кезде «Голос Республики» атанған басылым журналистері газетті жабуға наразы болып тұр. Алматы, 22 февраля 2013 года.

Ол кезде «Голос Республики» атанған басылым журналистері газетті жабуға наразы болып тұр. Алматы, 22 февраля 2013 года.

Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық байланыс саласындағы федералдық бақылау қызметі (Роскомнадзор) "Республика" ақпараттық-сараптамалық порталына ескерту жасады деп хабарлады басылым. Порталдың хабарлауынша, Роскомнадзор "нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік және діни алауыздық" тудырады деп, діни карикатураларды басуға байланысты ескерту айтқан.

Портал редакциясы ескертуді таяуда редакциясы шабуылға ұшыраған сатиралық Charlie Hebdo журналының Мұхаммед пайғамбарды карикатураға қайта басып шығаруымен байланыстырады.

"Республика" порталының бас редакторы Ирина Петрушова Facebook-тегі парақшасында портал ресми түрде жазбаша ескерту алмағанын айтады.

Қазақстанда "Республика. Деловое ообзрение" басылымы, оның веб-сайты мен басқа да қосымшалары - шамамен 30 оппозициялық БАҚ қызметіне 2012 жылы сот тыйым салған. Билік бұл ақпарат құралдарын "Республикаға" қарасты біртұтас БАҚ" деп сипаттаған.

2013 жылдың соңында Қазақстан жоғарғы соты бұл БАҚ өкілдерінің сот шешіміне шағымын қанағаттандырмады.

XS
SM
MD
LG