Accessibility links

Алты облыста ауа-райынан көлік қозғалысы шектелді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстанның алты облысында бұрқасын мен төңіректің нашар көрінуі салдарынан автокөлік жолдары жабылды деп хабарлады бүгін ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.

Ақмола облысы аумағындағы Екатеринбург-Алматы жолының 856-917 километр аралығында, Жезқазған-Петропавл жолының 377-440 километрі аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған.

Алматы облысында Үшарал-Достық жолының алғашқы 184 километрінде, Қарағанды облысында Жезқазған-Петропавл жолының 130-240 километрі аралығында, Алматы-Екатеринбург жолының 1007-885 километрінде барлық көлік түрлерінің жүруіне шектеу салынған.

Бұған қоса Қостанай облысында Жезқазған-Петропавл жолының 377-252 километрі, Арқалық-Торғай жолының алғашқы 288 километрі, Әулиекөл-Жалдама жолының 54-257 километрі аралығында да көлік қозғалысына шектеу енгізілген.

Павлодар облысында Қызылорда-Павлодар жолының 1135-1205 километрі аралығында, Оңтүстік Қазақстан облысында Қошқарата-Жарықбас-Бірлік жолының 77-142 километрі аралығында көлік қозғалысы шектелген.​

XS
SM
MD
LG