Accessibility links

HRW: Меркель Әлиевті белсенділерді босатуға шақырсын


Human Rights Watch ұйымының белгісі.

Human Rights Watch ұйымының белгісі.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Германия канцлері Ангела Меркельді Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесуінде қамаудағы барлық әзербайжандық журналистерді, құқық қорғаушылар мен билікті сынайтындарды Бакудің босатуына ықпал етуге шақырды.

Меркель мен Әлиев бүгін Берлинде кездесіп, екі жақты қарым-қатынас, энергетикалық саясат және басқа да мәселелерді талқыламақ.

HRW Меркель Әлиевке Еуропамен тығыз саяси және экономикалық қарым-қатынас орнату мен қамаудағы журналистер және белсенділерді босатудың арасында "тікелей байланыс барын" ұқтыруы тиіс дейді.

HRW дерегінше, 2014 жылы Әзербайжанда билікті сынайтын 34 адам түрмеге жабылып, тәуелсіз үкіметтік емес ұйымдарға қарсы заңдар қабылданған.

Азаттықтың Әзербайжан қызметінің журналисі Хадижа Исмаилова екі айға жуық уақыттан бері "адамды өзіне қол жұмсамақ болуға мәжбүрлеген" деген айыппен қамауда отыр. Жақтастары Исмаиловаға тағылған айыптың саяси астары бар дейді.

Әзербайжан билігі желтоқсан айының соңында Азаттықтың Бакудегі бюросына тінту жасап, жауып тастаған.

XS
SM
MD
LG