Accessibility links

"Самұрық-Қазына" қайырымдылық көмектерін доғарады


"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қайырымдылық іс-әрекеттерін тоқтататын болды деп мәлімдеді бүгін қордың атқарушы директоры Дархан Қалетаев.

"Әлемдегі және елдегі қазіргі қаржылық жағдайға байланысты қор көрсететін демеушілік және қайырымдылық көмектерінің көлемін азайтуға шешім қабылданды. Біз ардагерлер мен әлеуметтік бағдарламаларға қатыстыларынан өзге көмек әрекеттерін тоқтатамыз" деді Қалетаев Астанада өткен брифингте.

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев қор дағдарысқа қарсы шараларды орындауға, оның ішінде ағымдағы шығындарды азайтуға кіріскенін мәлімдеген еді.

"Самұрық-Қазына" қорының ресми сайтындағы ақпарат бойынша, қор бірқатар қайырымдылық жобаларына, оның ішінде "Ерікті қайырымдылық қоғамы", "SOS Қазақстандағы балалар ауылдары" ұйымдарына көмектескен. Қор бұдан өзге президенттік "Астана" кәсіби спорт клубына кіретін клубтарға, қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин мен мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге демеушілік көрсетіп келген.

XS
SM
MD
LG