Accessibility links

Australian Open: Дияс пен Шведова үшінші айналымда


Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс Австралия ашық чемпионатында. Мельбурн. 21 қаңтар 2015 жыл
Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс Австралия ашық чемпионатында. Мельбурн. 21 қаңтар 2015 жыл

Қазақстан теннисшілері Зарина Дияс пен Ярослава Шведова Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.

Әлемнің 31-ракеткасы Зарина Дияс екінші айналымда словак Анна Шмидлованы жеңді (3:6; 6:1; 8:6). Ол енді әлемнің екінші ракеткасы ресейлік Мария Шараповамен ойнайды. Қос теннисші бұған дейін жарыстарда кездеспеген.

Ал әлемнің 66-ракеткасы Ярослава Шведова әлемдік рейтингте 60-орында тұрған Моника Пуигті (Пуэрто-Рико) 6:2, 8:6 есебімен ұтты. Ол енді әлемнің 21-ракеткасы қытайлық Шуй Пенгпен кездеседі. Осыған дейін Қытай теннисшісі Шведованы төрт рет жеңген.

Австралия ашық чемпионаты - Grand Slam санатына кіретін әлемдегі төрт турнирдің бірі. Биылғы жарыс ақпанға дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG