Accessibility links

Келімбетов велофедерация басшылығынан кетті


Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.
Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.

Қазақстан велоспорт федерациясын басқарған Қайрат Келімбетов бұл қызметінен кеткенін мәлімдеді. Келімбетов федерация президенті қызметін ұлттық банк төрағалығымен қатар атқарған.

Ол федерация басшылығынан кетуін әлемдегі және Қазақстандағы экономикалық жағдаймен түсіндірді.

"Дәл қазіргі экономикалық жағдайда ұлттық банктің алдында үлкен міндеттер тұр. Сондықтан негізгі жұмысыма көп көңіл бөлу үшін федерациядағы қызметімнен кеттім" деп мәлімдеді Келімбетов.

Федерацияның жаңа президенті алдағы күндері анықталады.

XS
SM
MD
LG