Accessibility links

Қызылордада бес адам суға батып кетті


Қызылорда облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Қызылорда облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Аманөткел елді мекенінде Сырдария өзенінен өтпек болған бес адам көлігімен бірге суға батып, көз жұмды деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент ақпаратына қарағанда, оқиға қаңтардың 20-сы күні күндіз болған. Арал ауданының жас шамасы 24 пен 41 аралығындағы төрт тұрғыны мен Қазалы ауданының бір тұрғыны "УАЗ Фермер" көлігімен өзеннен өтпек болғанда суға батқан. Олар көлігіне "Урал" мотоциклін тиеп алған.

Құтқарушылар марқұмдардың денелерін сол сүні кешке қарай судан шығарған.

XS
SM
MD
LG