Accessibility links

Ауғанстанда 23 талиб өлтірілді


Кунар аймағындағы Талибанға қарсы арнайы операцияда жүрген Ауғанстан әскерилері. 17 қаңтар 2015 жыл.
Кунар аймағындағы Талибанға қарсы арнайы операцияда жүрген Ауғанстан әскерилері. 17 қаңтар 2015 жыл.

Ауғанстан қорғаныс министрлігі мемлекеттік күштер елдің үш аймағында өткен арнайы операцияда "Талибан" ұйымының 23 содырын өлтіргенін хабарлады.

21 қаңтарда ұйымдастырылған операция 24 сағатқа созылып, "Талибан" содырлары Кандагар, Кундуз, Каписа провинцияларында өлтірілген. Арнайы операция кезінде ауған ұлттық әскерінің екі солдаты мерт болған.

Ауғанстан қорғаныс министрлігі Кунар аймағында жүргізілген бір айлық операция кезінде 261 талиб өлтірілгенін, 147-і жарақат алғанын мәлімдеді. Ал үкімет жағынан 17 солдат мерт болып, 45-і жарақат алған.

XS
SM
MD
LG