Accessibility links

Назарбаев Обамамен Украина дағдарысын талқылады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен АҚШ президенті Барак Обама. Гаага, 25 наурыз 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен АҚШ президенті Барак Обама. Гаага, 25 наурыз 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбав АҚШ президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесіп, екі ел қарым-қатынасы мен халықаралық өзекті мәселелерді талқылады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорданың қаңтардың 21-і таратқан ақпаратына қарағанда, АҚШ тарапының ұсынысымен өткен әңгімеде президенттер Шығыс Украинадағы жағдайды талқылаған. Назарбаев Украина, Ресей, Франция және Германия басшылары деңгейінде келіссөздер өткізу мәселесімен өзі айналысып жатқанын айтып, Обамадан Украина мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келу жолын іздестіруге барынша белсенді қатысуды сұраған.

Қазақстан президенті бұған қоса Ресейге қарсы экономикалық санкциялар Орталық Азия аймағына да әсер етіп жатқанын айтқан.

Барак Обама Украинадағы жағдай дипломатиялық жолмен шешілу үшін алдымен Минскіде жасалған келісім шарттары орындалуы қажет екенін ескерткен.

XS
SM
MD
LG