Accessibility links

Pegida басшысы отставкаға кетті


Pegida-ның отставкаға кеткен басшысы Лутц Бахман. Дрезден, 19 қаңтар 2015 жыл.
Pegida-ның отставкаға кеткен басшысы Лутц Бахман. Дрезден, 19 қаңтар 2015 жыл.

Германияның Pegida ("Батыстың исламдануына қарсы Еуропа патриоттары") қозғалысының жетекшісі Луц Бахман Лейпцигте мұсылман мигранттарына қарсы және оларды қорғайтын марштар өтіп жатқан тұста 21 қаңтарда отставкаға кетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Pegida-ға қарсы маршқа қатысқандар саны оны қолдайтындар маршына қатысушылардан асып кеткен. "Исламдануға" қарсы маршқа ондаған мың адам, ал контрдемонстрацияға жүз мыңға тарта адам қатысқан.

Pegida баспасөз хатшысының сөзінше, Луц Бахман отставкаға кеткенімен қозғалыс жұмысын жалғастыра береді.

21 қаңтарда жергілікті баспасөзде Бахманның Facebook парақшасындағы Адольф Гитлерге ұқсатып мұрт пен шаш үлгісін қойып түскен суреті жарияланып, көпшіліктің назарын аударған.

Ұйым өкілінің мәлімдеуінше, Бахманның отставкаға кетуі оның баспасөздегі суретімен емес, интернеттегі пікірімен байланысты.

Бахман Германиядағы мұсылман мигранттарға қатысты ксенофобиялық пікірлер айтқан соң полицияның оны "өшпенділік туғызды" деген күдікпен тергеуге алғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG