Accessibility links

Рим Папасы көпбалалы отбасыны қолдайтынын мәлімдеді


Рим Папасы Франциск.

Рим Папасы Франциск.

Рим Папасы Франциск "католиктерге үй қояны сияқты көбейе беру қажет емес" деген мәлімдемесінен бір күннен кейін көп балалы отбасыларды "Құдайдың сыйы" деп атады.

Қаңтардың 18-інде Католик шіркеуінің жасанды контрацепцияға қарсы ұстанымы туралы сөйлеген Франциск бала тууды реттеуде дін қолдайтын көптеген тәсілдер барын айтқан. Ал қаңтардың 21-інде католиктер басшысы "кедейліктің себебі халықтың көптігі, тығыздығында емес - экономикалық жүйенің әділетсіздігінде" деген пікір білдірді.

Римдегі әулие Петр соборы алдындағы алаңда жиналған мыңдаған католик алдында сөйлеген Франциск "Отбасының саулығы қоғам үшін аса маңызды. Баланы құдайдың сыйы деп санайтын үлкен отбасылардың көптігін көру жанымызға тыныштық пен үміт сыйлайды" деді.

Католик дінінде жүктіліктен күндер циклі бойынша жыныстық қатынасқа түсу арқылы сақтануға рұқсат етіледі.

XS
SM
MD
LG