Accessibility links

Ерғалиеваның аштығы төртінші күнге жалғасты


Adam bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева. Алматы, 24 желтоқсан 2014 жыл.

Adam bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева. Алматы, 24 желтоқсан 2014 жыл.

Сот шешімімен жабылған Adam bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваның басылымның қуғындалуына наразылық танытып, аштық жариялап жатқанына бүгін төртінші күн болды. Журнал өкілі Мирас Нұрмұханбетовтің Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында хабарлауынша, төрт күнде арықтаған Гүлжан Ерғалиеваның қан қысымы бүгін түске қарай төмендеген.

Гүлжан Ерғалиева қаңтардың 19-ында "сот заңсыздығы мен қысымға" наразылық білдіріп, аштық жариялаған. Ол арнайы мәлімдеме таратып, прокуратура мен сот орындарының журналды жабуға қатысты сот шешімі өзгертуді, журналға салынған айыппұл көлемін азайтуды, журналды тінтуге қатысқан сот орындаушыларының әрекетін тексеруді талап еткен.

Журнал өкілі Мирас Нұрмұханбетовтің айтуынша, кеше кешке қарай Гүлжан Ерғалиеваға қалалық денсаулық сақтау басқармасының нұсқауымен қалалық 12-аурухананың дәрігері келген. Дәрігер Гүлжан Ерғалиеваға аштықтан денсаулығы нашарлап, медициналық көмектен бас тартқан жағдайда дәрігерлерге кінә артпайтыны туралы ескертпеге қол қоюды сұраған.

Алматы соты былтыр желтоқсанның 24-і күні қала билігінің шағымы бойынша Adam bol журналын жабу туралы шешім шығарған. Шағым берген қалалық ішкі саясат басқармасы журналда жарияланған мақалада "соғысты насихаттау белгілері бар" деген. Журнал өкілдері "басылымды жабудың саяси астары бар" деп санайды.

XS
SM
MD
LG