Accessibility links

Қытай Алтай қазақтары медицинасы мен ат спортын тізімге алды


Қытайдағы қазақ медицинасын оқытатын Шыңжан медициналық университетінің әкімшілік ғимараты. Үрімжі. Ақпан, 2013 жыл.

Қытайдағы қазақ медицинасын оқытатын Шыңжан медициналық университетінің әкімшілік ғимараты. Үрімжі. Ақпан, 2013 жыл.

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай аймағындағы қазақ халық медицинасы мен қазақ ұлттық ат спорты ойындары Қытайдың мемлекеттік категориядағы материалдық емес мәдени мұраларының кеңейтілген тізіміне енгізілді. Бұл жайында Қытай орталық халықтық радиостанциясына сілтеме жасаған Xinhua агенттігі хабарлады.

Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданында Алтай аймағында тұратын қазақтар арасында қазақ халық медицинасы мен ат спорты ойындары кең таралған.

Қытайда соңғы рет 2012 жылы жүргізілген халық санағы бойынша, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында 1 миллион 400 мыңнан астам қазақ тұрады.

Азаттық бұдан алдын Қытайда қазақтардың дәстүрлі медицинасын кең ауқымда оқыту басталғанын хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG