Accessibility links

Атырау облысында 18 оқушы уланғаны хабарланды


Исатай Тайманов атындағы мектеп оқушылары «Саратану» апталығының басталуына арналған лездемеде тұр. Атырау, 7 ақпан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Исатай Тайманов атындағы мектеп оқушылары «Саратану» апталығының басталуына арналған лездемеде тұр. Атырау, 7 ақпан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

22 қаңтар күні Атырау облысының Жұмыскер ауылында Исатай Тайманов атындағы мектептің 18 оқушысы белгісіз затпен уланып, ауруханаға түсті деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, 18 оқушы мен гардеробшы әйел бүгін түстен кейін нашарлап кеткен. Оқушылар облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.

Қазір мектепті төтенше жағдай мен газ қызметі мамандары және полицейлер тексеріп жүр.

XS
SM
MD
LG