Accessibility links

Алматыда жер сілкінісінің дүмпуі сезілді


Алматы төңірегіндегі тау көріністері. (Көрнекі сурет).
Алматы төңірегіндегі тау көріністері. (Көрнекі сурет).

Алматыда қаңтардың 22-сі күні түнде жергілікті уақыт бойынша 21 сағат 51 минутта жер сілкінісінің жүмпуі сезілді. Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, жер сілкінісің ошағы Алматыдан оңтүстік-юатысқа қарай 185 километр қашықтықта, Қырғызстан территориясында болған.

Жер сілкінісің магнитудасы эпицентрінде 5,4-ті құраған. Ал Алматыда оның дүмпуі 2-3 магнитуда шамасында сезілген.

Еуропа Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегінше, жер сілкінісінің ошағы Бішкектен 54 километр қашықтықта орналасқан.

XS
SM
MD
LG