Accessibility links

Порошенко: Украина батыс бағытынан ауытқымайды


Петр Порошенко Киевте Еуромайдан толқуында қаза тапқандарға арналған ескерткішке гүл шоғын қойып, тағзым жасап тұр. Киев, 22 қаңтар 2015 жыл.
Петр Порошенко Киевте Еуромайдан толқуында қаза тапқандарға арналған ескерткішке гүл шоғын қойып, тағзым жасап тұр. Киев, 22 қаңтар 2015 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко өз елі орталық билігі Киевте шоғырланған "унитарлы мемлекет" болып қалатынын және Еуропамен интеграциялану ұмтылысына кедергі жасалмауы тиіс екенін мәлімдеді.

Қаңтардың 22-сінде Украинадағы Бірлік күнінде Шығыс Украинада ресейшіл сепаратистер мен украин әскері арасындағы қақтығыс күшейген тұста сөйлеген Порошенко "Ойымызбен және жүрегімізбен біртұтас бола отырып біз тең құқылы этникалық топтардан тұратын бірегей украиналық саяси ұлт болып қала аламыз" деді.

Украина бірнеше жылдан бері 1919 жылғы 22 қаңтарда Украина халық республикасы мен Батыс Украина халық республикасының ресми түрде біртұтас мемлекетке біріккенін атап өтіп келген. Порошенконың жарлығы бойынша енді бұл күні осыдан бір жыл бұрынғы ресейшіл президент Виктор Януковичті биліктен тайдырған Еуромайдан толқуында қаза тапқандар да еске алынады.

Ресей Украина елдің шығысындағы сепаратистер бақылайтын аймақтарға оңаша билік беріп, федерациялық басқару жүйесіне көшуге тиіс дейді. Порошенко бұған қатысты "Украина ешқашан федерациялық мемлекет болмайды және украин тілі қазіргідей мемлекеттік тіл болып қала береді" деген. Дегенмен ол Украина азаматтардың үйде, жұмыста я қоғамдық орындарда орыс немесе басқа тілде сөйлеуіне тыйым салмайтынын да ескерткен.

XS
SM
MD
LG