Accessibility links

Ерғалиева: Әзірге денсаулығым бірқалыпты


Дәрігер аштық акциясын өткізіп жатқан ADAM bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваны тексеріп отыр. Алматы, 22 қаңтар 2015 жыл. (Сурет Мирас Нұрмұханбетовтің Facebook-тегі парақшасынан алынды).

Дәрігер аштық акциясын өткізіп жатқан ADAM bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваны тексеріп отыр. Алматы, 22 қаңтар 2015 жыл. (Сурет Мирас Нұрмұханбетовтің Facebook-тегі парақшасынан алынды).

ADAM bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева бүгін аштық акциясын бесінші күні жалғастырып жатыр. Азаттық тілшісімен сөйлескен Ерғалиева денсаулық жағдайы әзірге қанағаттанарлықтай екенін, қалалық денсаулық сақтау басқармасы жіберген дәрігерлер күн сайын келіп қан қысымы, жүрек соғысын тексеріп кететінін айтады.

Гүлжан Ерғалиева қаңтардың 19-ында "сот заңсыздығы мен қысымға" наразылық білдіріп, аштық жариялаған. Ол арнайы мәлімдеме таратып, прокуратура мен сот орындарының журналды жабуға қатысты сот шешімі өзгертуді, журналға салынған айыппұл көлемін азайтуды, журналды тінтуге қатысқан сот орындаушыларының әрекетін тексеруді талап еткен.

Гүлжан Ерғалиеваның сөзінше, бүгін редакцияға прокуратура өкілдері келіп, өзін қолдап акция өткізбек болғандарға ескерту жасаған. Ерғалиева "Мені қолдайтындар ертең, 24 қаңтарда аштық акциямды қолдап акция өткіземіз деген. Соған ескерту жасаған" дейді.

Алматы соты былтыр желтоқсанның 24-і күні қала билігінің шағымы бойынша Adam bol журналын жабу туралы шешім шығарған. Шағым берген қалалық ішкі саясат басқармасы журналда жарияланған мақалада "соғысты насихаттау белгілері бар" деген. Журнал өкілдері "басылымды жабудың саяси астары бар" деп санайды.

XS
SM
MD
LG