Accessibility links

Бішкек: Көлік тасушылар наразылық танытты


Бішкекте наразылық танытқан көлік тасымалдаушылар. Бішкек, 23 қаңтар 2015 жыл.

Бішкекте наразылық танытқан көлік тасымалдаушылар. Бішкек, 23 қаңтар 2015 жыл.

23 қаңтарда Бішкекте Қырғызстанға көлік тасымалдаумен айналысатын ондаған кәсіпкер наразылық акциясын өткізді. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, наразылар бұған дейін қолданыста болып келген кедендік тарифтердің жарамдылық мерзімін 2015 жылдың 20 ақпанына дейін созуды талап еткен.

Акцияға қатысушылардың сөзінше, Қырғызстан үкіметінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысы бойынша елге көлік кіргізу үшін салынатын кедендік салық көлемі бес-алты есеге қымбаттаған. Кәсіпкерлер кедендік төлемдердің қымбаттауынан Қырғызстан шекарасында 500-дей көлік кіргізілмей тұрғанын айтады.

XS
SM
MD
LG