Accessibility links

Сауд Арабиясы королі қазасынан соң мұнай қымбаттады


Сауд Арабиясының 91 жасында қайтыс болған королі Абдулла ибн Абдул-Азиз әл Сауд.
Сауд Арабиясының 91 жасында қайтыс болған королі Абдулла ибн Абдул-Азиз әл Сауд.

Сауд Арабиясы королі Абдулла ибн Абдул-Азиз әл-Саудтың қайтыс болғаны туралы хабардан соң әлемдік сауда биржаларында мұнай бағасы өсе түсті. Агенттіктердің хабарлауынша, азиялық қор нарықтарында WTI маркалы мұнай баррелі екі пайызға қымбаттап, 47,21 АҚШ доллары болған. Brent маркалы мұнай бағасы да екі пайызға қымбаттап, баррелі 49,55 АҚШ долларына жеткен.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің бас экономисі Фатх Бирольдің мәлімдеуінше, Сауд Арабиясының мұнай саясатында қандай да бір өзгерістер бола қоймайды. Давоста сөйлеген Фатх Бироль "Сауд Арабиясы бұдан былай да мұнай нарығын тұрақтандырушы ел болып қала береді" деген үмітте екенін білдірді.

Сауд Арабиясының 91 жастағы королі Абдулланың қайтыс болғаны туралы хабар бүгін таңертең тараған. Абдулланың орнын тақ мұрагері, 79 жастағы принц Салман ибн Абдел Азиз әл-Сауд басады.

Король Абдулла таққа 2066 жылы отырғанымен, елді іс жүзінде 1990 жылдардан бастап басқарған.

XS
SM
MD
LG