Accessibility links

Майна Киаи Ақтауда ҮЕҰ белсенділерін қабылдай бастады


БҰҰ-ның азаматтардың бейбіт жиындар өткізу және жиналу құқығы мәселелері бойынша арнайы өкілі Майна Киаи.

БҰҰ-ның азаматтардың бейбіт жиындар өткізу және жиналу құқығы мәселелері бойынша арнайы өкілі Майна Киаи.

БҰҰ-ның азаматтардың бейбіт жиындар өткізу және еркін жиналу құқығы мәселелері бойынша өкілі Майна Киаи Ақтауда азаматтық қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдерін қабылдады.

Қазақстанға сапарын 19 қаңтарда Алматыдан бастаған Майна Киаи бүгін әуелі Ақтауда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарымен, мемлекеттік органдар өкілдерімен кездескен. Киаи билік өкілдерімен кездесуде бір сағаттай бөгеліп, ҮЕҰ өкілдерін қабылдауды кешіктіріп бастаған.

Ақтаудағы "Топаз" бизнес орталығындағы БҰҰ кеңсесінде өткен қабылдауға көп адам келмеді. Азаматтық белсенді Мұхтар Үмбетовтің айтуынша, кездесуге келеді делінген азаматтарға - "Ерсай каспиан контрактор" компаниясының ереуілге шыққан мұнайшыларына қысым көрсетілген.

Майна Киаи бүгін түстен кейін мемлекеттік орган өкілдерімен тағы бір кездесу өткізіп, қабылдауды қайта жалғастырады. Ол ертең, қаңтардың 24-інде Жаңаөзенге барып, түрмеден босатылған мұнайшылар белсендісі Роза Төлетаевамен кездеседі. БҰҰ өкілімен кездесуді ұйымдастырушылардың айтуынша, Майна Киаи Жаңаөзенде ереуілге шыққан, жалақы мен еңбек дауларын шешуді талап етіп жүрген мұнайшылармен, кәсіподақ өкілдерімен жолықпақ.

Майна Киаи Қазақстанда қаңтардың 27-сіне дейін болады.

XS
SM
MD
LG