Accessibility links

Алматыда ADAM bol журналын қолдау акциясы өтті


Қоғамдық белсенді Маржан Аспандиярова (сол жақта), «Жас Алаш» газеті бас редакторы Рысбек Сәрсенбай (ортада) және құқыққорғаушы Рамазан Есіргепов (оң жақта) ADAM bol журналын қолдау акциясында. Алматы, 24 қаңтар 2015 жыл.

Қоғамдық белсенді Маржан Аспандиярова (сол жақта), «Жас Алаш» газеті бас редакторы Рысбек Сәрсенбай (ортада) және құқыққорғаушы Рамазан Есіргепов (оң жақта) ADAM bol журналын қолдау акциясында. Алматы, 24 қаңтар 2015 жыл.

Алматыдағы тәуелсіздік ескерткішінің жанында сенбі күні бірнеше адам сот шешімімен жабылған оппозициялық ADAM bol журналын қолдау акциясын өткізді деп хабарлады Азаттық тілшісі. Шараға қатысқан «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы, қоғамдық белсенді Маржан Аспандиярова және құқыққорғаушы Рамазан Есіргепов тәуелсіз басылым мен журналистерге қарсы қуғын-сүргінді айыптаған.

Акцияға қатысушылардың қолында ADAM bol журналына қолдау білдірген жазулар болған. Алматының Бостандық аудандық прокуратурасының өкілі бұл акцияның «заңсыз шеру болып табылатыны» туралы ескерткен соң жиналғандар тарап кеткен. Шараны полиция қызметкерлері мен жай киімдегі адамдар сырттай бақылап тұрған.

Қаңтардың 24-і тәуелсіздік ескерткіші жанында сағат 12-де басталатын шараға келмек болған ADAM bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваны, редакция қызметкерлері Аян Шәріпбаев пен Мирас Нұрмұханбетовты үйлерінен шығарда ұстап, полиция бөліміне апарғаны туралы Facebook қолданушылары хабарлады. Алматы полиция департаментіндегілер бұл ақпаратқа қатысты Азаттыққа түсініктеме беруден бас тартты.

Гүлжан Ерғалиева басылымның жабылуына наразылық ретінде қаңтардың 19-ы күні аштық акциясын жариялаған еді.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG