Accessibility links

АҚШ: ИМ-ді қолдаған әйел төрт жылға сотталды


Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

АҚШ-тың Колорадо штатының орталығы Денвер қаласында «Ислам мемлекеті» (ИМ) радикалдық тобына қатысты айыпталған 19 жастағы әйелге сот үкімі шықты. Сот Шэнон Конлиді террористік ұйымға қолдау көрсетпек болғаны үшін айыпты деп танып, төрт жылға түрме жазасына кескен.

Үкім шығар алдындағы соңғы сөзінде Конли «өмірін қауіптен құтқарып қалғаны» үшін АҚШ федералдық тергеу бюросына (ФБР) алғыс білдіретінін мәлімдеген. Ол өзіне тағылған бір бап бойынша айыбын мойындап, тергеуге болысуға келіскен.

Еуропа арқылы Сирияға жетпекші болған Конлиді былтыр сәуірде Денвер әуежайында ФБР агенттері ұстаған еді. Тұтқындағанға дейін ФБР өкілдері оны ИМ тобына қосылу райынан қайтармақ болғанымен, Шэнон Конли олардың айтқанына көнбеген деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG