Accessibility links

Шығыс Украинада тағы да көп адам қаза тапқан


Донецкіге бет алып бара жатқан ресейшіл сепаратистерінің танктері. 22 қаңтар 2015 жыл.

Донецкіге бет алып бара жатқан ресейшіл сепаратистерінің танктері. 22 қаңтар 2015 жыл.

Украинаның шығысындағы шайқастарда қаңтардың 17-сі мен 22-сі аралығында украиналық 18 сарбаз мерт болып, 235-і жараланған. Украина қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, осы кезеңде сепаратистерден 600 адам өліп, 175-і жараланған. Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» өкілдері болса, үкімет әскерінен 750-ден аса адам қаза тапқан дейді.

Донбаста өткен түнде сепаратистер үкімет күштерінің позицияларын 30-ға жуық рет атқылаған. Украинаның әскери операциялар баспасөз қызметінің хабарлауынша, Луганск облыстарында Счастье қаласы мен Новотошковка кенті оқ астында қалған. Мариуполь қаласының шығыс бөлігін «Град» артиллериялық қондырғысынан атқылап, 10 адам мерт болған, бірнеше тұрғын үй қираған.

Донецк облысының Дебальцево қаласында әскери қимылдар жалғасып жатыр. ТСН телеарнасы қалада жарық жоғын, тұрғындардың жертөлелер мен бомбадан паналау орындарына тығылып жан сақтап отырғанын, жұрттың көпшілігі өз үй-жайын тастап, Украинаның басқа аймағына кетуге мәжбүр болғанын хабарлады. Дмитрий Тымчуктың «Ақпараттық қарсыласу» тобының деректері бойынша, сепаратистер бұл аймаққа 12 танк, 25 бронды машина мен артиллериялы құралдарын жеткізген. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Дебальцеводағы жағдайға байланысты ол қаладан кейбір бақылаушыларды эвакуациялағаны туралы хабарлады.

XS
SM
MD
LG