Accessibility links

Мариупольде он бес адам мерт болған


Артиллериядан атқылағаннан бүлініп, отқа оранған ғимарат. Мариуполь, 24 қаңтар 2015 жыл.

Артиллериядан атқылағаннан бүлініп, отқа оранған ғимарат. Мариуполь, 24 қаңтар 2015 жыл.

Сенбі күні Украинаның Мариуполь қаласын атқылау барысында 15 адам қаза тауып, 46 адам жараланған. Қаланың шығыс бөлігінде бірнеше тұрғын үй, мектеп, дүкендер мен базар қирап-бүлінген. Бұл туралы Украина ішкі істер министрлігі хабарлады.

ІІМ-нің ақпараты бойынша, қаланы «Град» артиллериялық қондырғыдан атқылаған. Киев бұл оқиғаға жауапкершілік сепаратистерге жүктеледі деп мәлімдеді. Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс министрлігінің басшысы Александр Турчинов Мариупольді атқылау украиналық әскерилердің қорғаныс шебін бұзып өтпек болған сепаратистердің іс-әрекеті сәтсіздікке ұшыраған соң басталғанын айтты.

Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» өкілдері болса бұл оқиғаға өздерінің қатысы жоғын айтып, қаланы үкімет күштері атқылаған деп мәлімдеген.

Мариупольді атқылаудың мән-жайын анықтауға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары аттанғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG