Accessibility links

ЕҚЫҰ: Мариупольді атқылау дереу тексерілсін


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) арнайы мониторинг жүргізу миссиясы басшысы Ертугрул Апакан сенбі күні Мариуполь қаласын артиллериялық қарудан атқылауды айыптады. Ол бұл оқиғаны жан-жақты тексеруге және жанжалға қатысушы тараптарды атысты дереу тоқтатып, келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды.

ЕҚЫҰ қаңтардың 24-і күні Мариуполь қаласының «Град» әскери артиллериялық қарудан атқыланғаны анықталғаны туралы хабарлаған. Соңғы ақпараттар бойынша, сенбі күні Мариупольдің тұрғын үйлер кварталдарына түскен әскери снарядтардан 30 адам қаза тауып, 90-нан астамы жараланған.

Бұған дейін Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі өкілі Федерика Могерини «ашық әскери жанжалды» одан ары ушықтыру бейбіт тұрғындар арасында қайғылы жайттарды көбейтеді деп мәлімдеген. Ол оқиғаның бұлайша жалғасуы Ресей және ЕО арасындағы қарым-қатынасты одан сайын нашарлатып жібереді деп ескерткен.

Сенбі күнгі Мариупольдегі оқиғаға байланысты ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесін өткізу үшін Украина президенті Петр Порошенконың Сауд Арабиясынан шұғыл елге қайтқаны туралы хабарланды.

XS
SM
MD
LG