Accessibility links

Алматыда Гюмри құрбандарын еске алды


Кісі қолынан қаза тапқан Аветисяндар отбасын еске алуға «Луйс» армян мәдени орталығына келгендер гүл шоқтарын қойып жатыр. Алматы, 25 қаңтар 2015 жыл.

Кісі қолынан қаза тапқан Аветисяндар отбасын еске алуға «Луйс» армян мәдени орталығына келгендер гүл шоқтарын қойып жатыр. Алматы, 25 қаңтар 2015 жыл.

Бүгін Алматыдағы «Луйс» армян мәдени орталығында Арменияның Гюмри қаласында қасақана өлтірілген Аветисяндар отбасын еске алу шарасы өтті. Оған қатысқан 20-ға жуық адам, негізінен жастар, құрбан болғандарға арнап шырақ жағып, гүл шоқтарын қойды.

Қазақстандағы армян мәдени орталықтары біріккен «НАИРИ» қауымдастығының жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшісі Рубен Микаелян Гюмридегі қайғылы оқиға құрбандарын еске алуға мұнда күні-түні адамдар келіп жатқанын айтады.

Арменияның Гюмри қаласында қаңтардың 12-сі күні таңертең бір отбасындағы алты адам – ерлі-зайыптылар және олардың ұлы мен келіні, екі жасар немересі және жас қызы кісі қолынан қаза тапқаны анықталған. Ауыр жарақат алған алты айлық ұл бала – Сережа Аветисян ауруханаға жеткізіліп, қаңтардың 19-ы күні сонда жан тапсырған. Қаңтардың 13-інде Түркиямен шекарада ұсталған ресейлік солдат Валерий Пермяков осы қылмысты өз мойнына алғаны туралы хабарланды.

Гюмридегі оқиғаға байланысты Ереван мен бірнеше қалада жаппай наразылық танытқан жұрт Пермяковты Армения билігіне тапсыруды талап етті. Мәскеу Пермяковтың ісі Армения жерінде ресейлік әскери сотта қаралатыны туралы мәлімдеді.

Армениямен бірге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Қазақстан мен Беларусь Гамрюдегі қылмысқа қатысты ешқандай қимыл танытпай үнсіз қалды деп жазды қаңтардың 21-і күні armenianreport сайты.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG