Accessibility links

Барак Обама Үндістанға келді


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди. Нью-Дели, 25 қаңтар 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди. Нью-Дели, 25 қаңтар 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама бүгін Үндістанға сапармен келді. Ол Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесу өткізіп, Махатма Гандиге тұрғызылған мемориалға гүл қояды деп жоспарланған.

Бұл сапарында Обама үнді билік өкілдерімен сауда-экономика және климаттың өзгеруінен бастап халықаралық қауіпсіздік пен терроризмге қарсы күресті қамтитын кең көлемді мәселелерді талқылайды.

Дүйсенбі күні АҚШ президенті Үндістанның Республика күніне арналған Нью-Делиде өтетін парадқа қатысады. 1950 жылы Үндістан конституциясы күшіне енгеннен бастап жыл сайын осы күні елде парад өткізу дәстүрге айналған

Бұған дейін президент Барак Обама қаңтардың 27-сі күні Сауд Арабиясына барып, елдің жаңа королі Салман ибн Әбдел-Әзиз әл-Саудпен кездесуі үшін Үндістанға сапар бағдарламасы қысқартылғаны хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG