Accessibility links

Мариупольді атқылауды айыптауға Ресей қарсы шықты


Cнаряд түсіп жанып кеткен автокөлік қаңқаларының жанында тұрған украиналық әскери қызметкер. Мариуполь, 24 қаңтар 2015 жыл.
Cнаряд түсіп жанып кеткен автокөлік қаңқаларының жанында тұрған украиналық әскери қызметкер. Мариуполь, 24 қаңтар 2015 жыл.

Ресей Украинаның Мариуполь қаласын артиллериялық қарудан атқылауды айыптайтын БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарын қабылдауға қарсылық білдірді. Бұл құжатта атысты доғару туралы қыркүйекте жасалған келісімді сақтау және көптеген адамның өліміне әкелген оқиғаға жан-жақты тексеру жүргізу жайлы айтылған еді.

Жобаға байланысты Ұлыбритания мен Ресей дауласып қалып, ақырында Мәскеу Қауіпсіздік кеңесіндегі өзінің вето қою құқығын пайдаланып, құжатты қабылдатқызбай қойған.

Бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун сенбі күні 30 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жараланған Мариупольді зымыранмен атқылауды айыптап мәлімдеме жасаған. Сонымен бірге ол Киевпен ешқандай бітімге келмейтіні және жаңа жерлерді басып алатыны жайлы мәлімдеген ресейшіл сепаратистерді сынаған еді.

XS
SM
MD
LG