Accessibility links

Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында сабақ тоқтады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бүгін қатты аяздан Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында мектептерде сабақ тоқтатылды.

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Семей мен Өскеменде, Зырянда мектептердің 1-11 сынып оқушылары мен колледж және лицейлердің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылған. Семейде ауа температурасы -36 градус, Өскеменде -38 градус, Зырянда -41 градусқа дейін төмендеген.

Риддер қаласында -29 градус аяз салдарынан 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылған.

Бұған қоса осы облыстың Аягөз, Шемонаиха, Бородулиха, Жарма, Қатонқарағай аудандары мен Курчатов қаласында да қатты аяздан мектептерде сабақ тоқтаған.

Қатты аяздан Ақмола облысының Ақкөл, Бурабай, Еңбекшілдер, Ерейментау аудандарында 1-9 сынып оқушыларына, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Егіндікөл, Жақсы, Шортанды, Сандықтау, Целиноград аудандары мен Степногорск қаласында 1-11 сынып оқушыларына сабақ тоқтаған. Облыс территориясында бүгін таңертең ауа температурасы -25-39 градус аралығында болған.

XS
SM
MD
LG