Accessibility links

Қазақстан Шығыс Украинадағы жағдайға алаңдайды


Артиллериялық атқылаудан кейінгі Мариуполь. Украина, 24 қаңтар 2015 жыл.

Артиллериялық атқылаудан кейінгі Мариуполь. Украина, 24 қаңтар 2015 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Украинаның шығысында жағдайдың шиеленісуіне байланысты алаңдаушылық білдірген мәлімдеме жасады. Министрлік бейбіт тұрғындардың қаза табуына үлкен алаңдаушылық білдіріп, "дағдарысты реттеудің келіссөзден басқа жолы жоқ" екенін айтқан.

Мәлімдемеде Қазақстанның дағдарысты тек бейбіт жолмен, оның ішінде тараптардың Минск келісімі бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындауы арқылы шешуге шақырғаны айтылған. Қазақстан бұған қоса өз территориясында Украина дағдарысын реттеу келіссөздерін кез-келген форматта өткізуге дайын екенін білдірген.

Қаңтардың 24-інде Мариуполь қаласы "Град" әскери артиллериялық қаруынан тақыланып, 30 адам қаза тауып, 90-нан астам адам жараланған. ЕҚЫҰ миссиясының дерегі бойынша, зымырандар сепаратистер басқаратын өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" территориясынан атылған. Украинада бүгін Мариупольде қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланған.

XS
SM
MD
LG