Accessibility links

Қысқы универсиада: Қазақстан екі алтын алды


Қазақстандық биатлоншы Алина Раикова (ортада) қысқы универсиаданың алтынын алған сәті. Осрблье. 25 қаңтар 2015 жыл.

Қазақстандық биатлоншы Алина Раикова (ортада) қысқы универсиаданың алтынын алған сәті. Осрблье. 25 қаңтар 2015 жыл.

Осрбльеде (Словакия) басталған қысқы универсиадада Қазақстан екі алтын медаль алды.

Шаңғыдан әйелдер арасында спринтте Анастасия Слонова универсиада чемпионы атанды. Польшалық Эвелина Марчиж күмісті, ресейлік Светлана Николаева қоланы иеленді

Биатлоннан әйелдер арасында 15 километрлік спринтте Алина Раикова ол қашықтықты 47:29,4 минутта жүріп өтіп, алтын ұтты. Одан 10 секунд кеш келген ресейлік Екатерина Авакумова күміс медаль иеленді. Қола медальді словак Паулина Фиалкова алды.

Биылғы қысқы универсиада Осрблье мен Гранадада (Испания) өтпек. Словакияда шаңғы, биатлон жарыстары, Испанияда шорт-трек, хоккей, коньки, фристайл, тау шаңғысы, сноуборд жарыстары ұйымдастырылады.

25 ақпанда басталған Қысқы универсиада 14 ақпанда аяқталады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG