Accessibility links

Министр: Мұнайдың өзіндік құнын азайту керек


Қазақстан энергетика миинстрі Владимир Школьник.

Қазақстан энергетика миинстрі Владимир Школьник.

Әлемдік нарықта мұнай бағасының арзандауына байланысты Қазақстан "мұнай өндірудің өзіндік құны мен оның шығыны азайту шараларын жасауы қажет" деп мәлімдеді бүгін энергетика министрі Владимир Школьник.

Мәжілісте өткен үкімет сағатының арасында Школьник биыл Қазақстан 80 миллион тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отырғанын айтты.

Қазақстан бюджетінің көпшілік бөлігі мұнайдан түскен кіріспен толығады. Әуелде 2015 жылдың бюджеті мұнайдың бір баррелі 80 АҚШ доллары болады деген есеппен түзілген.

Бірақ кейін мұнай бағасы арзандай бастаған соң Қазақстан үкіметі бюджетті қайта қарайтын болған. Қаңтар айының ортасында ұлттық экономика министрлігі 2015-2017 жылдарға арналған бюджет Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 50 АҚШ доллары болады деген есеппен жасалатынын мәлімдеген.

Қазір әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай баррелі 47-48 АҚШ доллары көлемінде саудаланып жатыр.

XS
SM
MD
LG